Сөз барымтасының бүгінгі шеберлері Серікзат Дүйсенғазы мен Мұxтар Ниязов. Ақындар бірінші бөлімде «ҰБТ» тақырыбында сөз жарыстырды. Бұл бөлімде қазылар алқасы Серікзат Дүйсенғазының өнерін 38 ұпайға бағаласа, Мұxтар Ниязов қанжығасына 40 ұпайды еншіледі.
Ал, айтыстың екінші бөлімі «Егерде мен» деп аталды. Яғни, ақындардың бірі Мұхтар Шаханов болып, екіншісі Нұрлан Оразалин болып сөз додасына түсті. Бұл бөлімде екі ақын да 40 ұпайдан жинап, тең түсті. Осылайша, қос ақынның арасындағы бүгінгі жеңімпаз Мұxтар Ниязов деп танылды. Алайда, жартылай финалға кімнің шығатыны алдағы уақыттағы айтыстарда ақындардың ұпай көрсеткіштеріне қарай анықталады.
Айта кетейік, «Жүрсіннің жүйріктері» жобасында ақындардың өнеріне баға беретін қазылар алқасының мүшелері - ҚР Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, ҚР Халық әртісі Асанәлі Әшімов, профессор Намазалы Омаш, ҚР Халық ақыны Әсия Беркенова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман. Ал, тәуелсіз сарапшы – ақын, Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры Бауыржан Қалиолла.
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.