«Жүрсіннің жүйріктері». Рүстем Қайыртай мен Дидар Қамиевтің айтысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жүрсіннің жүйріктері». Рүстем Қайыртай мен Дидар Қамиевтің айтысы

13.05.2018
«Жүрсіннің жүйріктері». Рүстем Қайыртай мен Дидар Қамиевтің айтысы

Бүгін Ұлттық арна эфирінде «Жүрсіннің жүйріктері» атты айтыс жобасының екінші кезеңі басталды. Бұл кезеңнің алғашқы жұбы Рүстем Қайыртай мен Дидар Қамиев болды. Ақындар бірінші бөлімде «Тойға барсаң...» тақырыбында сөз жарыстырды. Бұл бөлімде қазылар алқасы Рүстем Қайыртайдың өнерін 39 ұпайға бағаласа, Дидар Қамиев қанжығасына 40 ұпайды еншіледі.

Ал, екінші бөлімде айтыскерлер «Бекболат Тілеухан» және «Ерлан Сағадиев» болып айтысты. Бұл бөлімде екі ақын да 40 ұпайдан жинап, тең түсті. Осылайша, қос ақынның арасындағы бүгінгі жеңімпаз Дидар Қамиев деп танылды. Алайда, жартылай финалға кімнің шығатыны алдағы уақыттағы айтыстарда ақындардың ұпай көрсеткіштеріне қарай анықталады.  

Айта кетейік, «Жүрсіннің жүйріктері» жобасында ақындардың өнеріне баға беретін қазылар алқасының мүшелері - ҚР Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, ҚР Халық әртісі Асанәлі Әшімов, профессор Намазалы Омаш, ҚР Халық ақыны Әсия Беркенова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман.

Жоба Ұлттық арнада әр апта жексенбі күні сағат 23:00-де көрсетіледі.

 

Хабарламаларға жазылу