Асанәлі Әшімов: Арманым да, бақытым да – балам - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асанәлі Әшімов: Арманым да, бақытым да – балам

11.04.2018

ҚР Халық әртісі Асанәлі Әшімов бүгін «Мақпалдың мекені» айдарының қонағы болды.

«80-ге еркін жеттім. Әр жастың өз қызығы бар. Оның ішінде қуаныш та, реніш те болды. Бірақ, өткен өмірге өкпе жоқ. Адамда барлық сезім оянуы керек. Әсіресе, шығармашылық адамға сезіммен көп нәрсе келеді. Сахна тазартады.

Өмірде тепе-теңдік бар. Өмір бір жағынан берсе, бір жағынан алады. Қазір өмірді сараптайтын кез. Қателеспейтін адам жоқ. Қатесін мойындап, оны түзейтін адам мықты. Мен солай жасай білдім.

Жарым Майра 1993 жылы, ал қос ұлым Мәди мен Сағи 1999 жылы дүниеден өтті. Одан кейін анам дүниеден озды. Майрадай жан табылмайды деп ойладым. Бағдат келгелі үйге Майра келгендей болды. Бағдат Майраның орнын басты, деп ойлаймын. Екінші өмір бастағандай болдым. Жұмысқа, өмірге деген құштарлық қайта оянды.

Көптеген қиыншылықтан арылып, жаңа өмір басталды. Арманым да, бақытым да – балам. Балаларымды көп ойлаймын», - дейді мейман.

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу