«Айнұрдың асханасы». Ірімшік дайындау тәсілі (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айнұрдың асханасы». Ірімшік дайындау тәсілі (ВИДЕО)

24.01.2018

Бүгін «Бақытты әйел» бағдарламасының «Айнұрдың асханасы»айдарында аспаз Нұргүл Бақтыбайқызы қонақта болып,  ірімшік дайындау тәсілімен бөлісті. Бұл тағамды дайындау үшін аспаз қолыңызда небәрі сүт пен айран болса жеткілікті дейді. Сүтті іріту үшін айран мейлінше ащы болуы керек. аспаз сондай-ақ, іріген сүттен қалатын сары суды да пайдаға жаратуға болатынын айтты.

СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?

-Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы ақ ірімшікті әлемнің ең сенімді тағамдар тізіміне енгізген;

-Құрамы қажетті дәруменге бай бұл өнім қан аздық пен жүрек ауруларына ем;

-Сондай-ақ, күнделікті таңертең 200 грам ірімшік жеген баланың тістері жақсы өсетіндігін дәлелдеп отыр;

-Ең қызығы, ақ ірімшік қаншалықты майлы болса, диета ұстап жүрген жандар үшін соншалықты  пайдалы.

Толығырақ, «Бақытты әйел» бағдарламасынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу