Финляндия павильонында бактерияларға қарсы жиһазды дайындау тәсілі таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Финляндия павильонында бактерияларға қарсы жиһазды дайындау тәсілі таныстырылды

24.08.2017

Бұл елде осындай орындық-үстелдердің шығарылып жүргеніне екі жыл болыпты. Тың жобаны жүзеге асыру үшін ғалымдар 5 жыл жұмыс істеген. Мұндай жиһазды кеңселер мен оқу орындарында, емханаларда қолдану ұсынылып отыр. Өйткені, түрлі микробтар мен бактериялар адам көп шоғырланған осындай мекемелерде жиі жұғады. Мәселен, жылда әлем бойынша миллиондаған инфекцияны адамдар тек аурухналарда жұқтырады екен. «Түрлі аурудың алдын алу үшін осындай жиһаз септігін тигізуші еді», - дейді жоба авторлары.

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу