Бүгін Ұлттық арнада «Бақытты әйел» жаңа тележобасының тұсауы кесіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арнада «Бақытты әйел» жаңа тележобасының тұсауы кесіледі

22.01.2018

Бүгін Ұлттық арнада «Бақытты әйел» бағдарламасы көрерменге жол тартады. «Бақытты әйел» бағдарламасының продюсері Толғанай Бақтығали, жүргізушісі Айсұлу Рыспанова, Құралай Ошақбаева студия қонағы болды. Студия қонақтары жобаның ерекшеліктері, мақсаттары мен құпиялары туралы сөз қозғады.

«Бағдарлама мақсаты – халыққа жаңа бағдарлама ұсыну. Жоба төрт мекеннен тұрады: «Айнұрдың асханасы», «Құралайдың құпиясы», «Айсұлудың айнасы», «Мақпалдың мекені». Әр мекеннің өз атқаратын міндеті бар. Мәселен, үлкен аға, апаларымыздың жетістіктері, рухани жаңалықтарымен бөліседі. «Айсұлу айнасында» ханшайымдарға пайдалы кеңестер беріледі. Ал, «Айнұрдың асханасында» белгілі ақын, журналист, тележүргізуші асүйде халықпен өз кеңестерімен бөлісетін болады. Ал, «Мақпал мекенінде» әлеуметтік желідегі қыз-келіншектерге ақыл кеңестер, сұрақ-жауап, тренинг беріледі.

Бүгін алғашқы эфир. Көрермендерді бірнеше тосынсый күтіп тұр. Жоба халық көңілінен шығады деп ойлаймыз», - дейді Толғанай Бақтығали.

Хабарламаларға жазылу