«Әлем барысы-2017» халықаралық турнирінің жеңімпазы Айбек Нұғымаров «Таңшолпан» төрінде қонақта болып, эксклюзивті сұхбат берді..
«Әлем барысы» елімізде екінші рет өтіп отыр. 2014 жылы Павлодар қаласында болған. Жеңістен кейінгі сезімім жақсы. Биылға жарысқа 5 балуан қатыстық. Көп нәрсе жеребеге де байланысты болады. Жеребе таңдау кезінде мықты қарсыластармен түсіп қалып жатамын», - дейді балуан.
Споршы халықаралық турнирде Еламан Ерғалиевпен болған белдесуіне де тоқталып, ойын ортаға салды.
«Әрине, қазақ-қазақпен шығып жатқаны ауырлау болды. Бірақ, бұл жерде бізде ұлттың, қазақтың намыс болды», - дейді.
Бағдарлама барысында Айбек Нұғымаров алдағы жоспарларымен бөлісіп, мақсаты спорттың биік тұғырына жету екендігін жеткізді.