Қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш журналист Нәзипа Құлжанованың туғанына - 130 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш журналист Нәзипа Құлжанованың туғанына - 130 жыл

27.07.2017

Бүгін қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш журналист, ағартушы  Нәзипа Құлжанованың туғанына - 130 жыл.  

Ол 1887 жылы 27-шілдеде Торғай қаласында дүниеге келген.

Нәзипа Құлжанованың білімге деген алғашқы қадамы Қостанайдағы орыс-қазақ гимназиясынан басталды. Гимназияны үздік тәмамдап, бірден оқытушылар семинариясында ұстаздық ете бастайды. Осында жүріп Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Сапарғали Бегалин, Әлкей Марғұлан, Жүсіпбек Аймауытовқа сабақ берді.

Нәзипа Құлжанова ұлы Абай шығармашылығымен де жақсы таныс болды. Оның жазған мақалалары «Қазақ», «Сарыарқа», «Алаш» газеттерінде жарық көрді. Журналист тек өз кәсібімен ғана шектеліп қалмай, қоғам өміріне де етене араласты.

Ал, оның педагогика саласында жазған «Мектептегі дәстүрлі тәрбие», «Ана мен бала тәрбиесі» секілді кітаптары бүгінгі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ.

Хабарламаларға жазылу