Амангелді Құрметұлы: Байқоңырды жалға алған Ресей бізге ескі техника беріп жатыр деген ақпарат – қауесет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Амангелді Құрметұлы: Байқоңырды жалға алған Ресей бізге ескі техника беріп жатыр деген ақпарат – қауесет

08.05.2017

Отан қорғаушылар мерекесіне орай Қазақстанның Қарулы Күштерінің бүгінгі қауқарына арналған «Басты тақырыпта» Байқоңырдың жалға берілу мәселесі де қозғалды.

«Байқоңырды жалға алған кезде Ресей бізге жыл сайын 115 миллион доллар өтемақы берілуі керек еді. Бірақ, қазір бұл өтемақының қалай беріліп жатқаны көп жағдайда жабық күйде қалып отыр. Ал, өтемақы орнына Ресейдің бізге ескі техника беріп жатыр деген ақпарат меніңше, қауесет сияқты.

Рас, Ресей бізге С-300 ПС  деген маркадағы ұрыс техникаларын берді. Бұл – әуе қорғанысы зымырандары. Олар әлемде жақсы бағаланады. Бірақ, бізге берілген сол 5 дивизион 1983-1993 жылдардың аралығында өндірілген техникалар. Ал, әскери техниканың мұндай жасы өз қызметін мейлінше жақсы атқара алатын техника болып есептеледі. Ол қарапайым көлік емес қой.

Одан кейін СУ-30 МС деген маркалы ұшақтар сатып ала бастадық. Бұл Қазақстан мен Ресейдің өзара келісімі негізінде ақшасын төлеп алып жатқан техникалар және олар 4++ деген класқа жататын мықты техника саналады.

Ресей ескісін беріп жатыр деген қауесет 70-ші жылдары қолданысқа енгізілген танктерге қатысты болуы мүмкін. Шындығында, біз танк сатып алып жатқан жоқпыз. Тек бұрынғы танктерімізді Семейде өңдеп, жаңартып, модернизациялап жатырмыз»,-дейді Амангелді Құрметұлы.

Хабарламаларға жазылу