Өскемен қаласындағы жолдардың қысқа дайындығы тексерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемен қаласындағы жолдардың қысқа дайындығы тексерілді

31.10.2022

Өскемен қаласындағы жолдардың қысқа дайындығы тексерілді. Бүгінге дейін оған жауапты коммуналдық мекемелер көктайғаққа қарсы 7 мың тоннадан астам материал дайындаған. Қар тазалау жұмыстарына 440 техника жұмылдырылмақ. Алайда оның көбі ескі. Былтырдан бері жол күтіміне кететін шығын да еселеп өскен.

Оған қоса соңғы 10 жылда қалада бірнеше жаңа шағын аудан бой көтерді. Қар қалың жауған жылы коммуналдық мекеме бәрін бірдей тазалап үлгермейді. Сондықтан биыл қаладағы коммуналдық мекемелерге қосымша 147 миллион теңге бөлінді. Бұл ескі техникаларды жөндеуге жұмсалмақ.

Асхат Тәженов, «Таза өскемен» коммуналдық мекеменің басшысы:

Қысқа дайындық кезінде біраз қиындықтың болғаны рас. Мәселен, Ресей мен Қытайдан автокөлік бөлшектерін жеткізуде шекарада кедергі бар. Әйтеуір былтыр құрама қызмет көрсететін заманауи техника алған болатынбыз. Ол биыл да шығарылады. Бәрі қардың қалай жауарына байланысты болады.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу