Қазақстандық әскери қызметші БҰҰ бақылаушылар базасының командирі атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық әскери қызметші БҰҰ бақылаушылар базасының командирі атанды

20.09.2016
Қазақстандық әскери қызметші БҰҰ бақылаушылар базасының командирі атанды

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде алғаш рет Батыс Сахарадағы (MINURSO) БҰҰ миссиясының әскери бақылаушысы подполковник Асқар Қожағалиев MINURSO қолбасшысының бұйрығымен Аусард миссиясында БҰҰ әскери бақылаушыларының база командирі болып тағайындалды. 

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Аусард жауапкершілігінің аймағы 43 000 шаршы шақырымды құрайды және аумағы бойынша Оум дрегтен кейін ең көлемділердің бірі саналады. Ол Марокко Корольдігі армиясының бақылауындағы Берманың шығысында, Батыс Сахараның оңтүстік бөлігіндегі орналасқан.

bnm

Базада әр елден, яғни, Аргентина, Бангладеш, Бразилия, Германия, Гвинея, Мысыр, Йемен, Қытай, Сальвадор, Индонезия, Ирландия, Мексика, Пәкістан, Португалия, Ресей және Франциядан  жиналған барлығы 45 әскери қызметші бар.

Подполковник Асқар Қожағалиев  миссияға 2015 жылдың 25 қарашасында 12 ай мерзімге жіберілді. Ол ҚР ҚК Әскери академиясының түлегі. Қазақстандық бітімгершілік батальонда, Қазақстандық бітімгершілік бригадада, ҚР ҚК Құрлық әскерлерінде қызмет атқарды.

 

Kazpravda.kz

Хабарламаларға жазылу