Қару-жарақты алып қашқан сарбаз қызмет еткен бөлімнің командирі ұсталды деп мәлімдеді ІІМ тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов.
ІІМ бірнеше бап бойынша қылмыстық іс тіркеді.
Естеріңізге сала кетейік, 20 ақпанда түнгі сағат 4-тер шамасында Шымкенттегі 10/216 әскери бөлімінен аға сержант Абылай Балғынбай 29 мылтық, 24 тапанша және 2 травматикалық қаруды алып қашып кеткен еді.
Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі Түркістан облысында орналасқан әскери бөлімде қару-жарақтарды қайта түгендеуде.
«Сонымен қатар, үш лауазымды тұлға, атап айтқанда, бөлімше командирі, жедел кезекші, сондай-ақ осы қызметті атқарған қарапайым келісімшарт бойынша қызметші ұсталды. Олар әскери қызметтің ережелерін бұзғаны үшін, қаруды ұрлауға әкеп соққан немқұрайлылық үшін қамауға алынды», деді Санжар Әділов.