Непалда су тасқыны мен көшкіннің салдарынан 30-дан астам адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Непалда су тасқыны мен көшкіннің салдарынан 30-дан астам адам мерт болды

27.07.2016
    Непалда су тасқыны мен көшкіннің салдарынан 30-дан астам адам мерт болды

Непалда болған нөсер жаңбыр мен оның салдарынан болған көшкіннен 33 адам мерт болды. Бұл туралы reporter-ua.com. хабарлайды.

Құрбан болғандардың арасында кемінде 2 бала бар. Олар мемлекет астанасы Катманду қаласында құлаған мектептердің қирандыларының астында қалып қойған. Непалдың ІІМ-і таратқан мәліметтер бойынша, 23 адам бірнеше ауданда болған су тасқыны мен көшкіннің салдарынан із-түссіз жоғалып кеткендердің қатарында.

Сейсенбі күні елдің бірнеше ауданында нөсер жаңбырдың салдарынан су тасқыны мен көшкін жүрді. Қалыптасқан жағдайдан зардап шеккен аймақтардағы отбасылар үйлерін тастап, шығуға мәжбүр болды. Өзен жағалауындағы көптеген құрылыстар бұзылуға шақ қалды. Жергілікті құқық қорғау органдарының өкілдері көмек көрсету үшін су басқан аудандарға жіберілді.

Хабарламаларға жазылу