Сұлтанбек Қожановтың немересі Светлана Тыныбекова әжесінің АЛЖИР-дегі азапты күндерін еске алды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сұлтанбек Қожановтың немересі Светлана Тыныбекова әжесінің АЛЖИР-дегі азапты күндерін еске алды (ВИДЕО)

30.05.2016
Сұлтанбек Қожановтың немересі Светлана Тыныбекова әжесінің АЛЖИР-дегі азапты күндерін еске алды (ВИДЕО)

Сұлтанбек Қожанов - қазақтың ғана емес, Орталық Азияның ірі мемлекет қайраткері. Сұңғыла саясаткер ұлы мұрат жолында құрбан болғандардың қадірін біліп, қабірін іздейтін уақыттың келерін жақсы білген. 

Қызыл үкіметтің жендеттері Сұлтанбек Қожановты 1937 жылы шілде айында қамауға алса, тура екі айдан кейін жұбайы Күләндамды үш баласынан ажыратып, АЛЖИР-ге айдаған.

Қазіргі Астана төңірегі, Ақмол ауылы маңындағы сол азап абақтысында 11 жыл тұтқын болыпты. Қожановтардың немересі Светлана Тыныбекова әжесінің АЛЖИР-дегі азапты күндерін еске алды.

 

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ   

Хабарламаларға жазылу