Оралда пәтерде өрт шығып, 53 адам эвакуацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда пәтерде өрт шығып, 53 адам эвакуацияланды

30.04.2024

Оралда тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар 53 адамды эвакуациялады. Олардың 18-і - бала. Алдын ала болжам бойынша, өрт электр сымдарының тұйықталуынан болуы мүмкін. Тұрғын үйдің 7-ші қабатындағы үш бөлмелі пәтердің бір бөлмесі, дүние мүлкімен түгел жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу