Жапондықтар 2020 жылғы Олимпиада ойындарының ашылуында жасанды метеорит жаңбырын жаудырады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапондықтар 2020 жылғы Олимпиада ойындарының ашылуында жасанды метеорит жаңбырын жаудырады (ВИДЕО)

26.05.2016
Жапондықтар 2020 жылғы Олимпиада ойындарының ашылуында жасанды метеорит жаңбырын жаудырады (ВИДЕО)

2020 жылы Токио қаласындағы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өзгеше  болуы мүмкін. Жапондық ALE Co компаниясы жасанды метеорит жаңбыр жаудыруды ұсынып отыр.

Токио аспанында жүздеген түрлі-түсті құлап жатқан жұлдыздар пайда болады. Sky Canvas жобасы метеорит жаңбырын құру технологиясын плазма атылуының көмегімен жасап жатыр.

Жобаның басшылары түрлі-түсті «құлап жатқан жұлдыздарды» алу үшін Жер орбитасына сан түрлі материалдардан жасалған мыңдаған «дөңгелектері» бар шағын спутникті ұшыруды ұсынды.

Жер бетінен 60-80 шақырым биіктікте бөлшектер өртене бастайды. Соның әсерінен аспан бірнеше секундта метеорлар алауына боялады. Бұл бөлшектер метеорлардан жылдамдығы баяу болғандықтан, жұлдызды жаңбыр ұзаққа созылады.

ALE-нің бағалауынша, шоуды Токио және оның маңындағы 30 000 000 адам тамашалай алады.

Хабарламаларға жазылу