Олимпиада ойындарының жабылу салтанатын «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада ойындарының жабылу салтанатын «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары көрсетеді

08.08.2021
Олимпиада ойындарының жабылу салтанатын «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары көрсетеді

Төртжылдықтың басты бәсекесі өз мәресіне жетті. Токио 2020 ХХХІІ Жазғы Олимпиада ойындарының жабылу салтанатын 16:15-те «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді.

Аталмыш Олимпиадада Қазақстан спортшылары 8 қола медаль алды. Медальдар кеcтесі жөнінен қорытынды командалық есепте Қазақстан құрамасы 83-орынға тұрақтады.

Жабылу салтанатында Жапонияның әнұраны орындалып, мемлекеттік туы жоғары көтеріледі. Спортшылар шеруін Грекия құрамасы бастап шықса, оны Жапония құрамасы қорытындылайды деп күтілуде. Олимпиада жалауы алдағы Жазғы Олимпиада ойындарының қожайыны Францияға табыс етіледі.

Хабарламаларға жазылу