Олимпиада ойындарының әнұраны туралы не білесіз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада ойындарының әнұраны туралы не білесіз?

11.02.2014
Олимпиада ойындарының әнұраны туралы не білесіз?
  Олимпиада ойындарының әнұранының музыкасын гректің композиторы Спирос Самарас, ал сөзін Костис Паламас жазған. Композитор мен ақынды Халықаралық Олимпиада Комитетінің алғашқы президенті Деметриус Викеластың өзі таңдаған.
 
Олимпиадалық әнұран алғашқы рет 1896 жылғы I Олимпиада ойындарында шырқалған еді. Келесі жылдары ұйымдастырушы-мемлекеттер өз композиторларына жаңа әнұран жазуға тапсырыс беріп отырған.
 
Бұл 1956 жылғы Кортине Д’Ампенццода (Италия) болған Олимпиадаға дейін жалғасқан. 1960 жылдан бастап Самарастың әнұраны қайтарылып, негізінен Олимпиада болған мемлекеттің ресми тілінде орындалған. Әнұран тек грек тілінде 1976, 1988, 2008, 2010 (Жасөспірімдер Жазғы Олимпиада ойындары) жылдары айтылған.
 
 
Аян Қайырбаев

Хабарламаларға жазылу