Коронавирусқа байланысты Олимпиада алауы эстафетасына қатысушылардың температурасы үнемі тексеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирусқа байланысты Олимпиада алауы эстафетасына қатысушылардың температурасы үнемі тексеріледі

04.03.2020
Коронавирусқа байланысты Олимпиада алауы эстафетасына қатысушылардың температурасы үнемі тексеріледі

Коронавирустың өршуіне байланысты Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушылары Олимпиада алауы эстафетасын шектейді. Бұл туралы Kyodo агенттігі хабарлады.

Эстафетаға арналған шаралар қысқартылып, оның кезеңдеріне қарапайым көрермендер қатыспайды. Алауды алып жүгіретіндердің температурасы үнемі тексеріледі. Егер қандай да ауру белгілері табылса, олар эстофетаға қатыспайды.

Эстафета 26 наурызда Фукусимадағы футбол жаттығу орталығында басталады

Олимпиада алауын жағу салтанаты мен Грекиядағы эстафета жоспарланған сценарий бойынша өтеді. Алайда коронавирус эпидемиясына байланысты қауіпсіздік шаралары сақталады. Алауды жағу салтанатының басты дайындығы көрермендерсіз өтеді, ал ашылуында қонақтарды қабылдау тоқтатылады.

life.ru фото: russia.greekreporter.com

Хабарламаларға жазылу