Зарина Диас «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымына өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зарина Диас «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымына өтті

24.05.2016
 Зарина Диас «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымына өтті

Францияның Париж қаласында өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің бірінші айналымында қазақстандық Зарина Диас германиялық өзінен екі жас кіші Карина Виттхефтпен бақ сынасты.

Тікелей спорттық көрсетілім арқылы мәлім болғанындай, 36 минутқа созылған бірінші партияда қос бірдей брейк жасаған Карина 6:2 есебімен алға шықты. Екінші сетте Зарина қос бірдей брейк жасаса, қарсыласы біреуіне ғана қол жеткізді. 43 минутта аяқталған бұл партияда Зарина Диас 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Шешуші, үшінші партияда неміс қызы брейк жасап, 1:0 есебімен алға шыққанымен, одан кейін Зарина ойын тізгінін өз қолына алды. Бұл сетте үш бірдей брейк жасаған қазақ қызы 6:2 есебімен ұтты.

Енді әлемдік рейтингте 90-орында келе жатқан З.Диас екінші айналымда әлемдегі мықты теннисшілердің бірі, осы турнирдің алтыншы ракеткасы, румыниялық Симона Халеппен кездеседі. 

Хабарламаларға жазылу