Астанада «Жас қанат- 2016» байқауы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Жас қанат- 2016» байқауы басталды

20.05.2016
Астанада «Жас қанат- 2016» байқауы басталды

Бүгін Астанадағы  Бейбітшілік пен келісім сарайында «Жас қанат- 2016» байқауы басталды. Байқау 20-22 мамыр аралығында өтеді.

Өнер сайысында  талантты, дарынды және жігерлі жастар үздік атану үшін өзара бәсекеге түсуде. Ал, оларға «Жас қанат» байқауының мақтаныштары Медеу Арынбаев, Ерлан Көкеев,  Нұрлан Абдуллин, Мәдина Сәдуақасова, Жанар Дұғалова,  Маржан Арапбаева, «Меломен» тобы, Димаш Құдайберген және басқалар қолдау көрсетеді.

Қатысушылар қатарында Қарағанды облысынан «Үш жүз» тобы, Семейден Қаршыға Итанов,  Талдықорғаннан Айберген Болатхан, Алматыдан Әдемі Қоңыратбай, Астанадан Жалғас Сұлтанов, Шымкенттен Айзада Әлімбекова, Ақтөбеден Нұржан Оразов  және өзге де таланттар бар.

Қарағандылық «Үш жүз» тобы шымылдығын  ашқан байқауға Нұржамал Үсенбаева, Медеу Арынбаев, Ерлан Көкеев, «Астана Опера» театрының хормейстері Ержан Дәуітов, Нұрлан Абдуллин, Мәдина Сәдуақасова, Жанар Дұғалова,  Маржан Арапбаева, Бақыт Шадаева қазылық етуде.

Айта кету керек, ең алғашқы «Жас қанат» байқауында Медеу Арынбаев жеңіске жеткен.  Шараны 10 жылдан астам уақыт Гүлнәр Досматова жүргізіп келеді. 

Хабарламаларға жазылу