Парасат Отан «Жас қанат-2016» байқауының жеңімпазы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парасат Отан «Жас қанат-2016» байқауының жеңімпазы атанды

23.05.2016
Парасат Отан «Жас қанат-2016» байқауының жеңімпазы атанды

«Жас қанат-2016» жас әншілер республикалық байқауының жеңімпазы анықталды.

Астанада өткен ақтық сайыста алты қарсылас арасынан 349 ұпайпен семейлік өнерпаз Парасат Отан оқ бойы озып шықты. Құлақ құрышын қандырар дауысымен ерекшеленген жас жігіттің бағы жанып, бас бәйгені қанжығасына байлады.

Ал, екінші орынды қарағандылық «Үш жүз» тобы еншілесе, үшінші орын Оралдан келген жас орындаушы Айбек Дәулетқалиевке бұйырды. Астаналық Жалғас Сұлтанов «Хабар» агенттігінің арнайы сыйлығына ие болды.

Хабарламаларға жазылу