Жазушы, композитор Ілия Жақанов «Таңшолпанда» қонақта болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазушы, композитор Ілия Жақанов «Таңшолпанда» қонақта болды

16.05.2016
Жазушы, композитор Ілия Жақанов «Таңшолпанда» қонақта болды

Композитор, жазушы, публицист, музыкатанушы, суретші, Қазақстан мен Қырғызстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Ілия Жақанов 6 мамырда 80 жасқа толды.

«Өткен күндерге бүгінде көңілсіз кейіппен емес, өкінішті көңілмен емес, осынша жыл таңғажайып дүниені көргеніме шүкірлік айтып, жан-жағыма, жарық күнге сүйкімді көзбен қараймын. Не бітірдім, қандай қарекет көрсеттім, неге сүйіндім, неден күйіндім, неге қолым жетті деген ой пенде болған соң болады. Бірақ, соның бәріне қазір ой тоқтатып қарасам, 20 жасымда менің композиторлық өмірім басталған екен.

Бұл менің алғашқы «Салтанат», «Сағыныш», «Ақ қайың», «Жалғыз қайық» сияқты әндерімнің шыққан кезі. Менің алдымда 1-2 ай бұрын Шәмшінің «Қарагөз», «Жүрек сыры» атты әндері шығып жатты.

Біз қанша жерден сәтті ән жазсақ та, көктен түсе қалған жоқпыз. Біздің алдымызда үлкен дәстүр, ұлттық музыканың қаймағы бұзылмаған әдемі жылдары болды. Мен қандай ән жазсам да, әндерім туған елдің табиғаты, сұлу көрінісі, адам тағдыры, жастық махаббат, ұмытылмас арманға арналды».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу