Қысқа шалбар мен сақал қоюға шектеу болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қысқа шалбар мен сақал қоюға шектеу болмайды

28.08.2017

Қысқа балақты шалбар мен сақал қоюға тиым салынбайды. Бұл туралы бүгін Дін істері және азаматтық қоғам министрінің Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында айтылды. Қазір құзырлы министрлік дін саласын реттейтін заңжобасын әзірлеуде. Онда бірқатар өзгерістер қамтылған. Алайда, қысқа балақты шалбар кию мен сақал қоюға қатысты заң нормасы жоқ. Дегенмен, бұл мәселе қажет болған жағдайда өзге де нормативтік-құқықтық құжаттармен реттелуі мүмкін.

Айта кету керек, мемлекет пен дін саласын реттейтін заң жобасы қазір қоғам талқысынан өтіп жатыр. Ол қараша айында Парламент қарауына өтіп, желтоқсан айында тиісті заң қабылданады.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу