Украин қызы қазақ тілінен сабақ береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украин қызы қазақ тілінен сабақ береді

09.09.2014
Украин қызы қазақ тілінен сабақ береді

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Бұл Солтүстік Қазақстан облысында тұратын украин қызы Светлана Мағауиянованың пікірі.

Светлана Мағауиянова Белое орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді.

Ол балаларға мемлекеттік  тіл мен әдебиеттен дәріс беріп  қана  қоймай, қазақ ұлтының әдет-ғұрпы мен, салт-дәстүрлерін де насихаттап жүр. 

Қара домбыраны жанына серік еткен ол әуезді де әсерлі ән арқылы тілді үйрету анағұрлым оңай, дейді Светлана.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу