Бұл күні ҚР Халық әртісі Асанәлі Әшімов дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұл күні ҚР Халық әртісі Асанәлі Әшімов дүниеге келді

08.05.2016
  Бұл күні ҚР Халық әртісі Асанәлі Әшімов дүниеге келді

Жамбыл облысында туған. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны бітірген, драма театрының актері. Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының профессоры. Бірнеше кітаптардың авторы.

«Ботагөз», «Асау Ертіс жағасында», «Бір ауданда», «Ұшы-қиырсыз жол» «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», «Жаушы» және басқа да көптеген фильмдерге түскен.

Театрда «Абай» спектаклінде Абай, «Еңлік-Кебекте» Кебек, «Қарақыпшақ Қобыландыда» Шуақ, «Қан мен терде» Еламан рөлдерін сомдады. Н.Гогольдің «Ревизорын», Ғ.Мүсіреповтің «Амангелді», Н.Оранбаевтың «Мен ішпеген у бар ма?» Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» спектакльдерін сахналады.

«Шоқан Уәлиханов», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильмдерін түсірді.
1990 жылдан «Елім-ай» киностудиясының президенті. «Отан» орденімен, М.В.Ломоносов атындағы, «Алтын қыран» ордендерімен марапатталған. КСРО және ҚР Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу