«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында Асанәлі Әшімовтың сыр кеші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында Асанәлі Әшімовтың сыр кеші

26.02.2015
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында Асанәлі Әшімовтың сыр кеші

28 ақпан күні «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында жаңа форматтағы  «Сенбілік кездесу» атты бағдарлама сағат 21.00-де эфирге шығады. Бағдарламада жүргізуші Құрманбек Жұмағали танымал тұлғалардың жеке өмірінің елге беймәлім тұстарын ашады.

Алғашқы бағдарламаның қонағы – театр және кино саласындағы ірі тұлғалардың бірі, ҚР Халық әртісі Асанәлі Әшімов.

Шәкен Айманов шәкіртінің кадр сыртында ел білмейтін  қандай құпия-сырлары бар?

Тағдыр танытқан алғашқы махаббат пен түңілу, кинодағы алғашқы қадамдары мен сәтсіздіктері, миллиондаған табынушылары мен үлкен табыс, танымалдылық, қуаныш пен қобалжу, абыржу мен рахаттану, қайғы мен орны толмас қаза...

Бүгінгі күні немен айналысады, жазып жүрген кітабы қандай, өскелең ұрпаққа не қалдырмақ?

Осы сенбідегі «Сенбілік кездесу» хабарына қазақстандық киноөнердің мэтрі атанған Асанәлі Әшімов өмірінің қыр-сыры арқау болмақ.

Хабарламаларға жазылу