«Білгірлер бәйгесінде» Әбдіразақовтар мен Қасымовтар әулеті сайысқа түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Білгірлер бәйгесінде» Әбдіразақовтар мен Қасымовтар әулеті сайысқа түседі

23.05.2015
«Білгірлер бәйгесінде» Әбдіразақовтар мен Қасымовтар әулеті сайысқа түседі

 

Бүгін «Білгірлер бәйгесінде» Қарағанды облысынан Әбдіразақовтар әулеті мен Шығыс Қазақстан облысынан Қасымовтар отбасы сайысқа түседі.

Қай топ жеңімпаз атанып, екінші айналымға жолдама алады?

Айта кетейік, хабарға еліміздің әр аймағынан 30 әулет қатысады. Барлық топ арасында 15 іріктеу ойыны өтеді. Жеңімпаз 15 топ екінші айналымға жолдама алады.

Ал, жеңілген 15 топтың ішіннен ұпай саны ең жоғары топ іріктеліп алынады. Сонымен, екінші айналымда 16 топ сегіз ойын өткізеді.

Жеңімпаз 8 топқа ширек финалға жолдама беріледі. Бұл айналымда жеңіске жеткен 4 топ жартылай финалда сайысады.

Жартылай финалдың нәтижесі бойынша жеңімпаз екі топ ақтық сынға өтеді. Финалда жеңіске жеткен отбасы бас жүлдеге ие болады.

Ұлттық арнадан сағат 13:00-де көрсетілетін «Білгірлер бәйгесі» зияткерлік шоуынан біле аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу