АЭФ-2016 шеңберінде Қазақстанның үздік студенттері үшін іс-шаралар жоспарлануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АЭФ-2016 шеңберінде Қазақстанның үздік студенттері үшін іс-шаралар жоспарлануда

04.05.2016
АЭФ-2016 шеңберінде Қазақстанның үздік студенттері үшін іс-шаралар жоспарлануда

2016 жылғы Астана экономикалық форумы шеңберінде жоғары оқу орындарының үздік студенттері үшін Spring Astana Economic Schoolіс-шаралар серияларын өткізу жоспарланған. Форумға Қазақстан ЖОО-ларының экономика және қаржы мамандығы бойынша 2-3 курста оқитын үздік студенттері шақыртылады, мұнда оларға Нобель сыйлығының лауреаттарымен дәрістер, әлемдік жетекші экономистер және табысты кәсіпкерлермен шеберлік сыныптары мен семинар-тренингтер ұйымдастырылады.

Spring Astana Economic School Қазақстан студенттерініңбілім деңгейін арттыру, кәсіби дамуына жәрдемдесу, ғылыми әлеуетін ашу, экономика, қаржы, бизнес саласында үздік әлемдік тәжірибелермен араластыру жолы арқылы ғылыми-зерттеушілік қызметкежұмылдыруға бағытталған.

Іс-шараға қатысқысы келетін студенттерге аталмыш іс-шараға тіркелу http://portal.nac.gov.kz сілтемесі бойынша 2016 жылдың 10 мамырына дейін ашық болатындығын хабарлаймыз, тел.: +7 7172 57 62 00. Үздік студенттерді іріктеу жұмысын Ұлттық талдау орталығы байқаулық негізде жүргізеді. Ағылшын тілін жетік білетін студенттерге артықшылық беріледі.

Ұйымдастырушылар:

ҚР Білім және ғылым министрлігі

ҚР Ұлттық экономика министрлігі

Nazarbayev University

«Экономикалық зерттеулер инстиуты» АҚ

«Ұлттық талдау орталығы» АҚ

Хабарламаларға жазылу