Қазақстанда «Дала бүркіті – 2016» бітімгершілік оқу-жаттығуының бірінші кезеңі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда «Дала бүркіті – 2016» бітімгершілік оқу-жаттығуының бірінші кезеңі басталды

11.04.2016
Қазақстанда «Дала бүркіті – 2016» бітімгершілік оқу-жаттығуының бірінші кезеңі басталды
Қазақстанда «Дала бүркіті – 2016» бітімгершілік оқу-жаттығуының бірінші кезеңі басталды

Бүгін «Іле» оқу-жаттығу орталығының базасында «Дала бүркіті – 2016» тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуының бастапқы кезеңі басталды. Іс-шараға Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбритания Қарулы Күштерінің 60-тан аса өкілі қатысады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алғашқы кезең шеңберінде қазақстандық «Қазбат» бітімгершілік батальонының әскери қызметшілері американдық және британдық әріптестерімен бірлесіп батальон штабының жұмысы, ротаның жеке құрамын басқару, күшті, тактикалық байланысты қолдану ережелері, инженерлік-саперлік топтың іс-қимылдары, тактикалық медициналық көмек пен көшіруді орындау, суды тазарту бойынша сертификация алу және т.б. бойынша тәжірибе алмасады.

Айта кетерлік жәйт, оқу-жаттығу мақсатына сәйкес «Дала бүркіті – 2016» бітімгершілік оқу-жаттығуының екінші кезеңін Ұлыбритания аумағында өткізу жоспарлануда. Ол жерге қазақстандық «Қазбат» бітімгершілік батальонының 250-ге жуық әскери қызметшісі аттанады. Жеке құрам мен қару-жарақты жөнелту үшін ҚР Қарулы Күштерінің әскери-көліктік авиациясы тартылады.

Естеріңізге сала кетейік, алдыңғы «Дала бүркіті – 2014» бітімгершілік оқу-жаттығуы Германия Федеративтік Республикасында өткен болатын. Оған ҚР ҚК-нің 150-ден аса әскери қызметшісі тартылды.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу