22 сәуірде Астанада басталатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде Ақмола мен Қарағанды облыстарының өнімдері ұсынылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар 22 сәуірде Астанада басталатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде Ақмола мен Қарағанды облыстарының өнімдері ұсынылады

22 сәуірде Астанада басталатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде Ақмола мен Қарағанды облыстарының өнімдері ұсынылады

Бейне қолжетімді емес

22 сәуір күні Астанада ауылшаруашылық жәрмеңкелер маусымы ашылады. Алғашқы жәрмеңке «Думан» ойын-сауық орталығының алдындағы алаңда өтеді.

Елорда тұрғындары таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін өнімдерді қалалық базарлардағы бағалардан 10-15 пайызға төмен сатып ала алады.

Жәрмеңкеде негізгі азық-түлік өнімдерінің түрлері, атап айтқанда Ақмола мен Қарағанды облыстарынан әкелінген көкөніс, жеміс, ет, сүт өнімдері, кондитерлік және макарон өнімдері сатылады.

Астана қаласының әкімдігі азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауына жол бермеу және отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында жыл сайын ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткізеді. Ауылшаруашылық жәрмеңкелері елордада күздің соңына дейін жалғасады.

Бөлісу