Америкалық полицейлер қызметтерін атқару барысында үш айдың ішінде 256 адамды атып өлтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Washington Post-қа сілтеме жасап.
«2016 жылғы наурыздың аяғында полицейлер 256 адамды атып өлтірген. Бұл сан өскен сайын қоғамдағы наразылық та артып келеді»
Ал өткен жылы АҚШ-та тәртіп сақшыларының қолынан 990 адам қайтқан. Ол адамдардың көпшілігі бейбіт тұрғындарға және полицейлерге қауіп төндірген.