АҚШ-та 6 адамды атып өлтірген күдікті тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та 6 адамды атып өлтірген күдікті тұтқындалды

05.07.2022

АҚШ-та Тәуелсіздік парады кезінде 6 адамды атып өлтірген күдікті тұтқындалды. Ол – 22 жастағы Роберт Кримо. Қанды оқиға Чикаго қаласының Хайлэнд паркінде болған. Күдікті ғимарат төбесіне шығып, қуатты винтовкамен мерекелік шеруді тамашалауға жиналған көрермендерге оқ жаудырған. Полицейлер Кримоның неліктен мұндай қылмысқа барғанын әзірге анықтаған жоқ. Атыс кезінде 36 адам жараланды. Дәрігерлердің айтуынша, госпитальге 8 жастан 85 жасқан дейінгі 26 адам жеткізілген. Құрама Штаттарда мұндай трагедиялар ешкімге таңсық емес. Мамырдың 24-де Техас штатындағы бастауыш мектепте 19 оқушы мен екі мұғалім оққа ұшып мерт болған. Ал, мамырдың 14-де Нью-Йорк штатының Буффало қаласындағы дүкенде дәл осындай шабуылдан 10 тұрғын жан тәсілім еткен.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу