Екібастұзда ер адамды атып өлтірген күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұзда ер адамды атып өлтірген күдікті ұсталды

24.02.2021

Екібастұз қаласында 61 жастағы ер адамды атып өлтірген күдікті ұсталды. Естеріңізге сала кетейік, оқиға кеше таңғы 08.00 шамасында болды. Қоқыс төгу үшін далаға шыққан азаматты басқа бір адамның артынан келіп атқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Жантүршігерлік жағдай сол аумақта жүрген бірнеше адамның көз алдында болған. Іле басталған жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, үйінен шолақ мылтық табылды. Оқиғаның мән жайы анықталуда. 

Жасқайрат Қайыров, Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:
 65 жастағы ер адам ұсталды. Тінту барысында адам өлтіруге қолданылуы мүмкін қару табылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу