Канадада үш полицейді өлтірген адам іздестірілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канадада үш полицейді өлтірген адам іздестірілуде

06.06.2014
Канадада үш полицейді өлтірген адам іздестірілуде
Канаданың Монктон қаласы полицейлері 3 құқық сақшысын атып өлтірген және тағы екеуін жаралаған 24 жастағы ер адамды іздестіріп жатыр.
 
Полицияның сөзінше, Джастин Бурк қаруланған, әрі аса қауіпті. Сондықтан, жергілікті тұрғындарға үйлерін құлыптап отыруға кеңес берілді. 
 
Полиция күдіктінің фотосуретін әлеуметтік желілер арқылы таратты. Ал, куәгерлер камуфляж киген қарулы адамның полиция көлігіне қару нұқсап тұрғанын көрген.
 
Осы оқиғаға байланысты қаладағы барлық мектептер мен бірнеше көше жабылып, қоғамдық көлік қозғалысы тоқтады. 
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу