Бүгін - халық ақыны, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері Нартай Бекежановтың дүниеге келген күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - халық ақыны, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері Нартай Бекежановтың дүниеге келген күні

26.03.2016
Бүгін - халық ақыны, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері Нартай Бекежановтың дүниеге келген күні

Әлеуметтік мазмұндағы өлең-толғауларымен («Сараң байға», «Мырзалық емес», «Жесір дауы», «Бір қойшыға», «Сүйінші», «Сыр», «Ақ алтынды аймағым», «Колхозшыларға», «Мұзбалақтар») Қызылорда өңіріне жас кезінен танымал болған.

Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінің ашылу құрметіне арналған этнографиялық концертке, қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне, республикалық ақындар айтыстарына қатысқан Отан соғысы жылдарында арнаулы концерттік бригада ұйымдастырып, халықтың рухын көтеруге белсене атсалысты.

Бекежанов сырнаймен, домбырамен ән, терме, толғау, жыр айту, айтыс дәстүрін дамытқан, өзінің бірегей ән-жыр мектебін қалыптастырған сазгер, ақын, халық әндерін және өз әндерін орындау шеберлігімен қазақ өнерінің тарихында қалған. Оның «Толқын», «Нартай сазы», «Ахау, жалған», «Нартайдың әні», т.б. әндері ұлттық ән өнерінің алтын қорына қосылды. Шығармалары «Домбыра сазы», «Өлеңдері мен айтыстары», «Өсиет», «Аманат» деген атпен жеке кітап болып жарық көрді.

«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған. Қызылорда облысының қазақ драма театрына Бекежанов есімі берілген. Осы облыстың Шиелі ауданында Бекежанов ауылы бар.

Хабарламаларға жазылу