Биыл Нартай Бекежановтың туғанына – 125 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Нартай Бекежановтың туғанына – 125 жыл

01.04.2015
Биыл Нартай Бекежановтың туғанына – 125 жыл

Биыл Халық ақыны, әнші, композитор Нартай Бекежановтың туғанына 125 жыл толды. Осыған орай, әнші Нартай мектебінің  түлегі Талғат Тоқсанбайұлы бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Жалпы, Сыр елінде үш мектеп қалыптасқан деген ұғым бар. Нартай мектебі де Үкілі Ыбырай, Біржан сал мектептерімен қатар  тұр. Облыста Нартай атында театр, музей бар. Нартайдың үлгі тұтқан адамдары – Иманжүсіп, Қажымұқан»,-дейді Талғат Тоқсанбайұлы.

«Нартайдың әлі де танылмаған әндері жетерлік.  Ақынның  125 жылдығына орай зерттеу жұмыстары  жүргізіліп жатыр».

Әнші бағдарлама барысында Иманжүсіптің «Ерейментау» және Нартайдың «Өздерің білер Нартаймын» әндерін орындап берді.

Хабарламаларға жазылу