Бүгін - Дүниежүзілік анестезиологтар күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Дүниежүзілік анестезиологтар күні

15.10.2016
Бүгін - Дүниежүзілік анестезиологтар күні

Бүкіләлемдік азық-түлік күні. БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының құрылған күніне орай, ұйым шешімімен тойланады (1945 жылғы қазанның 16-ы).

Дүниежүзілік анестезиологтар күні

Анестезия - жүйке сезімталдығының жоғалуы. Жасанды анестезияны хирургиялық операцияны ауыртпау үшін қолданады. Анестезия жалпы, жергілікті және жұлын-ми сұйықтығы анестезиясы болып бөлінеді. Тарихтың айтуынша 1846 жылғы қазанның 16-ында тіс дәрігері Томас Мортон эфир наркозымен операция өткізді. Бұл күнді дүниежүзі Анестезиолог күні деп есептейді.

Бастық күні (Босс күні)

1958 жылы американ хатшысы Патриция Хароски жаңа мейрам - Бастық күнін ұсынды. 1962 жылы Иллинойс штатының губернаторы бұл мейрамды ресми түрде бекітті. Бұл дәстүрді көптеген елдер қолдады және мейрам дүниежүзіне тез тарады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

82 жыл бұрын (1934) Ф.Достоевский атындағы Семей орыс драма театры құрылды.

76 жыл бұрын (1940) Семей қаласында қазақтың ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін қалаушы, философ, ағартушы, композитор Абай Құнанбайұлының мұражайы ашылды. 

55 жыл бұрын (1961) Өскемен аспаптар зауыты өзінің алғашқы өнімдерін шығара бастады.

9 жыл бұрын (2007) Шымкентте «Абай» деп аталатын ұлттық әдеби, мәдени, қоғамдық басылымның алғашқы нөмірі жарық көрді. Оны шығарған Халықаралық «Абай» клубы. 

93 жыл бұрын (1923) Швейцарияда Джон Харвуд өздігінен қуатталатын сағатқа патент алды.

52 жыл бұрын (1964) Қытайда атом бомбасы алғаш рет сынақтан өтті. 

ЕСІМДЕР

113 жыл бұрын (1903-1964) Қазақстанның Халық ақыны Нұрхан АХМЕТБЕКОВ дүниеге келді.

86 жыл бұрын (1930-1973) журналист, Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ұзақ  БАҒАЕВ дүниеге келді.

85 жыл бұрын (1931-1980) ақын, аудармашы Шәміл  МҰХАМЕДЖАНОВ дүниеге келді.

72 жыл бұрын (1944) жазушы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Боранқұл  АМАНТАЙ дүниеге келді.

71 жыл бұрын (1945) режиссер, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ерсайын Қандержанұлы ТӘПЕНОВ  дүниеге келді.

62 жыл бұрын (1954) «Паң Нұрмағамбет» киностудиясы» ЖШС директоры және көркемдік  жетекшісі Баянғали Тоқанұлы ӘЛІМЖАНОВ  дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу