Елбасы «Болашақ-Т» ЖШС үй құрылысы комбинатында болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы «Болашақ-Т» ЖШС үй құрылысы комбинатында болды

09.03.2016
Елбасы «Болашақ-Т» ЖШС үй құрылысы комбинатында болды

Нұрсұлтан Назарбаев дайын өнім үлгілерімен танысып, кәсіпорынның еңбек ұжымымен әңгімелесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті өңірлердің дамуы мен үй құрылысының көбеюі есебінен елдегі осындай өнеркәсіп нысандарына деген қажеттілік артатынын айтты.

Мемлекет басшысы ұжымға табыс тілеп, облыста cаланың жұмысына қолайлы барлық қажетті жағдайлар жасалып жатқанын атап өтті.

Үй құрылысы комбинаты көпшілікке арналған үйлер құрылысын қамтамасыз ету үшін темір-бетон бұйымдарын, перспективалы құрастырмалы жүйелер жасап шығарады. Оның қуаты жылына жалпы аумағы 50 мың шаршы метр ғимарат салынатын өнім шығаруға лайықталған.

Хабарламаларға жазылу