Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев кеңес хатшысы Әсет Исекешев пен қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Әңгіме алдағы уақытта өтеді деп жоспарланған Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы туралы өрбіді.
Сондай-ақ қаржы мәселелері, қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының жайы да пысықталды. Өз кезегінде Қорғаныс министрі Қарулы Күштер мен әскери құралымдарды дамытудың жаңа тұжырымдамасы жобасындағы негізгі бағыттар туралы ақпарат берді.
Мұнан бөлек Елбасы қабылдауында болған Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов бас қаланың дамуы жөнінде хабардар етті. Шаһарды газдандыру, тұрғын-үй мен әлеуметтік-мәдени нысандар салу мәселелері сөз болды. Әкімнің айтуынша, қолжетімді тұрғын-үй құрылысы жыл сайын қарқын алып келеді. Биыл шамамен 10 мың пәтер пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, 42 мың оқушыға арналған 16 мектеп бой көтереді деген жоспар бар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елбасы Әсет Исекешев пен Нұрлан Ермекбаевты қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/140782/)