«Түнгі студияда» - Нұржамал Үсенбаева - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студияда» - Нұржамал Үсенбаева

09.03.2016
«Түнгі студияда» - Нұржамал Үсенбаева

Қазақтың опера әншісі, ҚР Халық әртісі Нұржамал Үсенбаеваның талантына қазақ тыңдармандары мен бүкіл әлемнің өнерсүйер қауымы да бас иеді.

Нұржамал Үсенбаеваның репертуарынан қазақ  және шетел композиторларының  алуан түрлі музыкалық шығармалары  орын алған.

Әнші 1984 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясының  вокалдық факультетін бітірген. Сол жылдан бастап Қазақ опера және балет театрының соло-әншісі.

Осы театр сахнасында оның орындаған аса елеулі партияларының  қатарында Қыз Жібек, Дана (Е.Г. Брусиловский, Қыз Жібек пен Ер Тарғын), Ажар (А.Жұбанов пен Л.Хамиди, Абай), Сара (М.Төлебаев, «Біржан — Сара»), Зылиха (Б.Жұманиязов, Махамбет), Наталья (Жұбанов пен Ғ.Жұбанова, («Құрманғазы»), Розалинда (И.Штраус, Жарқанат), Виолетта (Дж. Верди, Травиата), Антония (Ж.Оффенбах, Гофман ертегілері), т.б. бар.

Әншінің сұхбатын бүгін 22:55-те Ұлттық арнадан  тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу