Алматыда «Абай әндері» атты кеш өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Абай әндері» атты кеш өтеді

14.04.2015
Алматыда «Абай әндері» атты кеш өтеді

17 мамыр күні Алматыдағы  Ө.Жолдасбеков атындағы  Студенттер сарайында  хакім Абайдың әндеріне арналған концерт өтеді.

Ұлы ойшыл, Алаштың данышпан ақыны, композитор Абай Құнанбайұлының әндері мен сөзіне жазылған музыкалық шығармалар кешінде қазақ эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Олардың қатарында Нұрғали Нүсіпжанов, Шахимардан Әбілов, Роза Рымбаева, Нұржамал Үсенбаева, Бекболат Тілеухан, Мирас пен Құралай Бекжановтар және басқалар бар.

Кеш ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Ақпараттық қолдаушы – «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы.

Хабарламаларға жазылу