Орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша Әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (46-1-1, 32 КО) WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (34-0, 31 КО) болуы мүмкін жекпе-жек туралы ой бөлісті.
«Головкинмен жекпе-жек жуырда болып қалуы мүмкін. Кейбір адамдар маған «Сен одан қорқатын шығарсың» деп айтады. Головкин мен қорқатындай кіммен кездесіп еді? Оның қарсыластары әдеттегі боксшылар, керемет спортшылардан ешкім болмады. Алайда, біздің жекпе-жегіміз міндетті түрде болады. Мен мұны өзім де қалаймын.
Бірақ, мұндай жекпе-жекті ұйымдастыру үшін уақыт керек. Коттомен шаршы алаңға шығу үшін біз 3 жыл жұмыс істедік. Сонда да еш қиындықтарға қарамастан көрермендерге бұл жекпе-жекті барынша ерте ұсынуға тырысамыз. Себебі, мен өзім бұл жекпе-жектің болғанын қалаймын», деп хабарлайды ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі GGG тобы.
Еске сала кетейік, WBC Альварес пен Головкинге бір-бірімен кездеспей тұрып, өз атақтарын қорғау үшін бір жекпе-жек өткізуге рұқсат берілген. Осылайша, Сауль «Канело» Альварес 7 мамыр күні Лас-Вегаста ұлыбританиялық Амир Ханмен кездессе, Геннадий Головкин 23 сәуірде Лос-Анджелесте америкалық Доминик Уйэдпен қолғап түсйістіреді.
Фото ©Ring TV