Головкиннің табысы белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкиннің табысы белгілі болды

04.05.2018

Алтыншы мамырда америкалық Ванес Мартиросянмен қолғап түйістіретін отандасымыз Геннадий Головкин үш миллион долларға дейін табыс табуы мүмкін. Салыстырмалы түрде, егер қазақстандық былғары қолғап шебері Сауль Альвареспен жұдырықтасқанда он есе артық яғни, 30 миллион долларға дейін пайда табуына болатын еді. Бірінші кезекте оған ақылы трансляцияның болмауы себеп. Қазір қос боксшы да алдағы жекпе-жекке сақадай сай. Головкин қазірдің өзінде жеңіске жетсе, қыркүйекте Канелломен қайта кездесуге әзір екендігін жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, Сауль Альварес допинг дауынан кейін тамыз айына дейін бокстан шеттетілген болатын. Егер қос тарап бір мәмілеге келсе, қыркүйекте Головкин Альварес жекпе-жегін тамашалауымыз ғажап емес.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу