Головкин 5 мамыр күні шаршы алаңға шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин 5 мамыр күні шаршы алаңға шығады

09.04.2018

Жекпе-жек болады. Орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин 5 мамыр күні шаршы алаңға шығады. Естеріңізге сала кетсек, допинг дауына іліккен Сауль Альварес өткен аптада ресми түрде жоспарланған жұдырықтасудан бас тартқан еді. Алайда, отандасымыз оған қарамастан, сол күні басқа былғары қолғап шеберімен жұдырықтасады. Головкинге қарсы шығуға бірнеше мықты боксшылар ниет білдіріп отыр. «Енді отандасымыздың нақты кіммен қолғап түйістіретіні 2-3 күннің ішінде белгілі болады», - дейді ресми өкілдері. Ал, Невада штатының атлетикалық комиссиясы өз сайтында бұл жекпе-жектің Лас Вегас қаласындағы атақты «MGM Grand» аренасында өтетіндігін жариялаған.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу