ҚР ОСК: Партиялар арасында саяси пікірсайыс өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР ОСК: Партиялар арасында саяси пікірсайыс өтеді

03.03.2016
ҚР ОСК: Партиялар арасында саяси пікірсайыс өтеді

«ҚР Орталық сайлау комиссиясы саяси пікірсайыс өткізетін болады. Көлемі, уақыты, регламенті, тәртібі анықталу үстінде. Содан кейін біз қосымша хабарын береміз. Әзірше уақыт бар. Үгіт науқаны аясында осындай шараны ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Л.Сүлеймен БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына 5 саяси партияның, атап айтқанда, «Нұр Отан» партиясының, Қазақстанның коммунистік халық партиясының, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының, «Бірлік» саяси партиясының, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының және «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кандидаттары үміткер, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Хабарламаларға жазылу