Бүгін Ұлттық арнада Мәжіліс сайлауына қатысатын партия өкілдері пікірсайысқа шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арнада Мәжіліс сайлауына қатысатын партия өкілдері пікірсайысқа шығады

01.03.2023

Бүгін сағат 20:30-да Ұлттық арна эфирінде Мәжіліс сайлауына қатысатын партия өкілдері пікірсайысқа шығады. Оған «Amanat» партиясынан Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясынан Жигули Дайрабаев, «Respublica» партиясынан Сырымбек Тау, Қазақстан Халық партиясынан Асхат Асылбеков, «Байтақ» жасылдар партиясынан Азаматхан Әміртаев, «Ақ жол» демократиялық партиясынан Берік Дүйсембинов, ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Нұрлан Әуесбаев қатысады. Дәл қазір пікірсайысқа соңғы әзірліктер пысықталып жатыр.

Жалпы, сөз жарысы 4 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде - кандидаттар әлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша ұсыныстарын айтады. Берілетін уақыт - 2 минуттан. Екінші кезеңде - саяси ұйым өкілдері арасында дискуссия өтеді. 4 минутта үміткерлер бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді. Ал үшінші кезеңде 2 минут ішінде сайлауалды тұғырнамасының үш негізгі бағытына тоқталады. Соңғы кезеңде партия өкілдері сайлаушыларға үндеу жасайды. Ойын 1 минуттың ішіне сыйдыруы керек.

Еске салайын, пікірсайыс бүгін «Qazaqstan» Ұлттық арнасында кешкі жаңалықтардан кейін сағат 20:30-да тікелей эфирде өтеді.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу