Партиялар арасындағы пікірсайыс әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Партиялар арасындағы пікірсайыс әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр

02.03.2023

Партиялар арасындағы пікірсайыс әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Нағыз саяси тартыс болды дейді көпшілік. Әралуан пікір айтылды. Бастысы барлығына да теңдей мүмкіндік жасалған.

Максим Рожин:

Жалпы қызық болды. Көзге көрінетін тұстар жетеді. Қазір сайлаушының сауаты әлде қайда өсіп кеткен, жалған ұран, құрғақ уәде, популизмді бірден ажыратады. Тіпті «мынауыңыз ертегі» деп те бетке айта алады.

Әйгерім Серікжанова:

Қызу пікіралмасу болды. Кей спикерлер пікір алмасып қана қоймай, регламентке қол сілтеп, өзгелерге кедергі болуға, тыңдасын-тыңдамасын пікірлерін айтып қалуға тырысты. Бұл ненің белгісі? Иә, саяси мәдениет деңгейін көрсетеді.

Ләззат Ахатова:

Телевизиялық пікірталас көп нәрсеге көзді ашты. Жеті партияның жай-күйінен, деңгейінен хабар берген, қайсысының әлеуеті қандай екенін айқындаған пікірсайыс болды.

Диас Нұрақын:

Пікірсайыс бастан-аяқ қазақша әрі тартысты өтті. Партияның көптігінен бе көп-көрім пікірталас болды. Микрофонды өшіріп тастаса да өршеленіп сөйлеп кеткендер көп. Десе де дайындықсыз келгендері де бар екен.

Бибі-Айша:

Пікірсайыс емес, сойқан тартыс дерсің. Бәрінен де жүргізушіге жаным ашып кетті. «Құрметті мырзалар, тыныштық сақтаймыз», «сөзді бөлмейміз», тағысын тағы.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу