Астанада күрес түрлерінен Олимпиадаға жолдамалар сарапқа түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада күрес түрлерінен Олимпиадаға жолдамалар сарапқа түседі

26.02.2016
Астанада күрес түрлерінен Олимпиадаға жолдамалар сарапқа түседі

Биылғы жылдың ең маңызды спорт жарысында Елордаға Азия құрлығының барлық үздік палуандары бас қосады, деп хабарлады федерацияның сайты.

Турнирге қазақстандық спортшылардан бөлек Иран, Қытай, Жапония, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Үндістан секілді әлемнің 24 елінен палуандар келмек.

Грек-рим күресі: 59, 66, 75, 85, 98, 130 келі;

Еркін күрес: 57, 65, 74, 86, 97, 125 келі;

Әйелдер күресі: 48, 53, 58, 63, 69, 75 келі.

Жоғарыда көрсетілген үш салмақ санаттары бойынша Қазақстанның төртжылдықтың басты сайысына қазірдің өзінде лицензиялары бар.

Алғашқы лицензияны 59 келі салмақ санатына дейінгі грек-рим күресінің палуаны Алмат Кебісбаев алды. Ол Риоға жолдамаға 2015 жылғы Лас-Вегастағы Әлем чемпионатындағы қола медалі есебінен қол жеткізді. Осы жарыстарда екінші лицензияны классикалық күрестен 75 келі салмақ санатында Досжан Қартықов жеңіп алды.

Риодағы үшінші жолдамаға 57 келіге дейінгі салмақ санатында еркін күрес шебері Санаа Артас ие болды. Ол Вегастағы әлем чемпионатында үздік бестіктің қатарына енген. Сондықтан, бұл спортшылар Астанадағы жарысқа қатыспайды, ал қалған салмақ санаттары бойынша Қазақстанның үздік палуандары қатысады.

 

www.inform.kz

Хабарламаларға жазылу