Павлодарда Кәукен Кенжетаевтың 100 жылдығына арналған «Қазақ өнерінің хас таланты» атты еске алу кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда Кәукен Кенжетаевтың 100 жылдығына арналған «Қазақ өнерінің хас таланты» атты еске алу кеші өтеді

23.02.2016
Павлодарда Кәукен Кенжетаевтың 100 жылдығына арналған «Қазақ өнерінің хас таланты» атты еске алу кеші өтеді

Павлодарда 29-ақпан күні, сағат 18.00-де Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы-драма театрында Кәукен Кенжетаевтың 100 жылдығына арналған «Қазақ өнерінің хас таланты» атты еске алу кеші өтеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Ж.Аймауытов театры, И.Байзақов атындағы облыстық филармониясы және Баянауыл ауданының шығармашылық ұжымдары Кәукен Кенжетаевтың репертуарындағы әндерді орындайды.

Сондай-ақ, экраннан әнші, режиссер, актер, драматург, профессор, Қазақ ССР-нің Халық әртісі, Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты және «Тарлан» премиясының иегері туралы деректі кинокадрлар көрсетіледі. Кешке туған-туыстары, әріптестері, шәкірттері және Павлодар облысының зиялы қауымы қатысады.

Хабарламаларға жазылу